АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰРМАНСАЙ ЖӘНЕ ҚАРАШАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНЕ ЖҰМЫС САПАРЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰРМАНСАЙ ЖӘНЕ ҚАРАШАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНЕ ЖҰМЫС САПАРЫ

Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов Құрмансай және Қарашай ауылдарына жұмыс сапарымен барып, елді мекендердің тыныс-тіршілігі, атқарылып жатқан жұмыстары және өзекті мәселелерімен танысты.

🔹Сапар барысында аудан басшысы білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарын аралады. Сондай-ақ, Құрмансай ауылындағы өрт сөндіру бекетінің құрылыс барысын да қарады.

🔸Сонымен бірге, «Экспоинжиниринг» ЖШС кәсіпорны мен округтегі ірі шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.

🔹Тұрғындармен кездесулерде елді мекендердің өзекті мәселелері талқыланып, ұсыныс-пікірлер назарға алынды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1316283?lang=kk