Қызылорда облысында өңірдің жаңартылатын энергетикасы мен агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған екі ірі инвестициялықжобаның құрылысы басталды.
Іс-шараларға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев пен облыс прокурорыныңміндетін атқарушы Нұрболат Дүйсенбаев қатысты.
Бірінші жобаны «Orda POWER» ЖШС жүзеге асыруда. Жоба жалпықуаты 50 МВт болатын күн электр станциясының құрылысын көздейді. Жобаның жалпы құны 16,4 млрд теңгені құрайды.
Жобаны іске асыру 2026–2028 жылдарға жоспарланған жәнегенерациялау қуатын кезең-кезеңімен арттыруды көздейді.
Жоба аясында 50 жұмыс орнын құру жоспарланған.
Жобаны жүзеге асыру үшін Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешіміменкомпанияға «Өндіріс» индустриялық аймағы аумағынан 12,86 гектар жеручаскесі бөлінді.
Екінші инвестициялық жоба жылына 45 мың тоннаға дейін көкөнісөнімдерін өндіретін заманауи жылыжай кешенін салуды көздейді.
Жобаның жалпы құны 156,8 млрд теңгені құрайды.
Жобаны іске асыру нәтижесінде 1 300 жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Кешеннің құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік қолдау аясындаҚызылорда қаласының сол жағалауынан 250 гектар жер учаскесі бөлінді.
Аталған нысандардың іске қосылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалықдамуы үшін маңызды. Бұл инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарынашуға, баламалы энергетиканы дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігіннығайтуға ықпал етеді.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметініңбасым бағыттарының бірі болып қала береді. Инвестициялық жобалардыңжүзеге асырылуына және өңірлік бизнестің дамуына кері әсер етуі мүмкінмәселелерді жедел шешуге ерекше көңіл бөлінеді.
Қызылорда облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге немесе өзқұқықтарының бұзылуына тап болған инвесторларды төмендегі телефон нөмірлері арқылы: 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе 115 Call-орталығынадереу хабарласуға шақырады.