Астаналық спортшы Жапонияда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Астаналық спортшы Жапонияда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстанның пара жүзуден ұлттық құрамасы 4×50 метрге еркін стильде жүзуден аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Финалдық жарыста қазақстандық спортшылар 2 минут 48,99 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды.

Ұлттық құрама сапында елордалық спортшы Сиязбек Далиев өнер көрсетті.
Жарыста Қытай құрамасы жеңімпаз атанды. Қытайлық спортшылар 2 минут 25,22 секунд нәтижемен мәреге жетіп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Қола медальді 2 минут 54,64 секунд нәтиже көрсеткен Таиланд құрамасы иеленді.

Осылайша, елордалық пара жүзуші Сиязбек Далиев V Азия Пара ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының жүлделер қорына тағы бір медаль қосты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1316231?lang=kk