Астанада жол жөндеу жұмысына байланысты 24 қазан күні сағат 21:00-ден 25 қазан сағат 07:00-ге дейін Ұлы Дала мен Мәңгілік Ел даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысы толық тоқтатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруі қажет.