«Ақберен»

«Ақберен»

   2026 жылдың 22 қазанында Семей қаласында шығармашыл  оқушылар  арасындағы  «Ақберен»  республикалық  өнер байқауының  облыстық  кезеңі болып өтті.

   Байқаудың мақсаты мен міндеті: 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік кызметін таңдауда шығармашылық қабілетін, өлең жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуға қолдау көрсетіп, ары карай дамуына жол ашу.

    Білім алушылар байкаудың 6 номинация бойынша өнерлерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша Абай облысы Аягөз ауданының қатысушылары төмендегідей нәтиже көрсетті:

  1. «Шешендік өнер және сөз сайысы» номинациясы бойынша «МЖИБЖОББ №6 мектебі» КММ-нің 10-сынып оқушысы Аманғали Мерей ІІ дәрежелі диплом Жетекшісі: Нокербекова С.К.
  2. «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы бойынша «№1 ЖОББМ»КММ-нің 11-сынып оқушысы Каримбеков Таңатар ІІ дәрежелі диплом Жетекшісі: Аманбаева Г.О.
  3. «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ-нің 11-сынып оқушысы Ерсайын Амина І дәрежелі диплом. Республикаға жолдама. Жетекшісі: Анкебаева А.М.
  4. «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша «Е.Рахмадиев ат. ЖОББМ»КММ-нің 9-сынып оқушысы Мұратхан Кәусар ІІІ дәрежелі диплом Жетекшісі: Есимова Б.С.
  5. «Ақындар айтысы» номинациясы
  6. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-нің 10-сынып оқушысы Мұхтар Кәусар І дәрежелі диплом. Республикаға жолдама. Жетекшісі: Бармашикова П.Ш.

  Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегер оқушылар марапатталды. Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз!

  Республикаға жолдама алған сайыскерлерге сәттілік тілейміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1316186?lang=kk