Нұршат Төлеуқасым Азия Пара ойындарында пара садақ атудан қола медаль жеңіп алды

Нұршат Төлеуқасым Азия Пара ойындарында пара садақ атудан қола медаль жеңіп алды

Ерлер арасындағы W1 класында өткен қола медаль үшін кездесуде отандасымыз Таиланд спортшысы Супхават Самутчайякиджді 6:2 есебімен жеңді.
Кездесудің төрт сеті 26:24, 23:22, 23:26 және 26:23 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұршат Төлеуқасым ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысын 7:3 есебімен жеңіп, жартылай финалда Қытай өкіліне 0:6 есебімен есе жіберген болатын.

Айта кетейік, қазіргі уақытқа дейін Қазақстан ұлттық құрамасы V Азия Пара ойындарында 38 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 10 алтын, 11 күміс және 17 қола медаль бар.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1316173?lang=kk