21 қазанда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында 39 жастағы ер адамды ұстады.
Тексеру кезінде оның рюкзагынан жалпы салмағы бір келіге жуық қара уылдырық салынған екі пластик ыдыс табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта қара уылдырықтың шығу тегі мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз айналымға енгізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.