«Мақаншы ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-нің салтанатты ашылу рәсімі өтті!

«Мақаншы ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-нің салтанатты ашылу рәсімі өтті!

2026 жылдың 22 қазанында, Білім басқармасына қарасты «Мақаншы ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-нің салтанатты ашылу рәсімі өтті!  ​

Игі бастаманың негізі қыркүйек айында қаланып, кабинет бүгінде өз жұмысын қарқынды түрде жүргізіп келеді. Қазіргі таңда орталықта 22 бүлдіршін сапалы әрі жүйелі коррекциялық-түзеу көмегін алуда. ​

Балаларымыздың жарқын болашағы мен дамуы үшін өз ісінің нағыз шеберлері бірікті! Меңгерушінің міндетін атқарушы Сайболатова Ұлпан Қуанышовнаның басшылығымен 9 білікті маман мен 1 қызметкер еңбек етуде.

Олардың қатарында: 

Әдіскер мен әлеуметтік педагог;

Педагог-психолог мен дефектолог;

Тәжірибелі логопед;

Бейінді дене шынықтыру және массаж мамандары;

Тәрбиешілер мен музыкалық жетекші бар. ​

Салтанатты сәттерден үзінді: Мерекелік шараның шымылдығын Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Бақытжанұлы жүрекжарды ізгі тілегімен ашып, түзеу кабинетінің кішкентай тәрбиеленушілеріне арнайы мерекелік сыйлықтар тапсырды! 

​Сондай-ақ, шараның құрметті қонақтары: — Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Мирлан Салиұлы, — Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ерғали Ахметұлы, — Ардагерлер кеңесінің төрағасы Советхан Тоғанбайұлы, — Мақаншы ауданы білім бөлімінің басшысы Гүлзипа Мақашевна да ақ тілектерін арнап, ата-аналар мен білім алушыларға жылы лебіздерін білдірді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-bilim/press/news/details/1316121?lang=kk