АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП»: облыс аумағында екі күнде 400-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП»: облыс аумағында екі күнде 400-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

20–23 қазан аралығында Абай облысының аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты айқын: қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Көшеде, қоғамдық орындарда, жол үстінде — заң талаптары бәріне ортақ. Қоғамдық қауіпсіздікке немқұрайлы қарауға жол жоқ!
ЖЕДЕЛ ІС-ШАРАНЫҢ НӘТИЖЕСІ: 
 Профилактикалық есепте тұрған 1 168 адам тексерілді.
 Әкімшілік құқық бұзушылықтардың 381 дерегінің жолы кесілді.

Сондай-ақ:
Алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзу — 3 дерек.
 Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу — 95 дерек.
 Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында болуы немесе тұрғынжайдан тыс жүруі — 38 дерек.
 Тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру — 112 дерек.
 Қарсы қозғалыс жолағына шығу — 4 дерек.
 Жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеуі — 41 дерек.
 Көлік құралын мас күйінде басқару — 10 дерек.

Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, көшелерде және жолдарда құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарының сақталуын бақылау және құқық бұзушыларды анықтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Құрметті облыс тұрғындары! Қоғамдық тәртіпті сақтау — баршамызға ортақ міндет. Заңға бағыну — таңдау емес, міндет. Қауіпсіз қоғам әр азаматтың жауапкершілігінен басталады!
Абай облысының полициясы ескертеді: қоғамдық қауіпсіздік — басты басымдық, заң талаптары — бәріне ортақ!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1316086?lang=kk