Өскеменде «Дала дәмі» жәрмеңкесі жалғасуда!

Өскеменде «Дала дәмі» жәрмеңкесі жалғасуда!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, Сіздерді тағам өнімдерін сатып  алуға шақырамыз!

Осы сенбіде, 24 қазанда, сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін бізде дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді.

Бұл — жергілікті фермерлер мен отандық өндірушілердің жаңа, сапалы өнімдерін ең қолжетімді бағамен тікелей сатып алудың тамаша мүмкіндігі.

Өтетін орындары:
* «Алтай» КТО (Жібек жолы көшесі, 44)
* «Дос-Нар» СҮ (Виноградов көшесі, 17а)

Сіздерге кең көлемде келесі  өнімдер  ұсынылады:
* Жаңа сойылған ет (сиыр, жылқы, қой, шошқа еті)
* Табиғи бал және фермерлік сүт өнімдері
* Хош иісті нан және шұжық өнімдері
* Биылғы жылдың  көкөністері және т.б.

Фермерлік дәмдер мен көтеріңкі көңіл-күй үшін бүкіл отбасыңызбен келіңіздер! Сіздерді күтеміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1316023?lang=kk