Рухани келісім — бірліктің негізі

Рухани келісім — бірліктің негізі

2026 жылғы 19 қазанда Новоникольское ауылында түрлі конфессия өкілдерінің қатысуымен Рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

Қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, ауылдың тарихы мен ауылдық округтің тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.

Кездесу барысында конфессияаралық келісім, өзара құрмет және қоғамдағы бейбітшілікті сақтау мәселелері талқыланды.

Мұндай іс-шаралар бірлікті нығайтуға, өзара түсіністікті арттыруға және түрлі конфессиялардың рухани құндылықтарына құрметпен қарауға ықпал етеді.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-novonikolsk/press/news/details/1315854?lang=kk