Жабайы жануарлар дериваттарын заңсыз әкетудің жолын кесу туралы

Жабайы жануарлар дериваттарын заңсыз әкетудің жолын кесу туралы

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекарада құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Атап айтқанда, ағымдағы жылғы 20 қазанда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында шекарашылар Қытай Халық Республикасына 620 дана ақбөкен мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

Тәркіленген дериваттың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңгеніқұрауы мүмкін.

Осы фактіге қатысты материалдар – процестік шешім қабылдануы үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органға беріледі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

  

ҰҚК баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/1315752?lang=kk