Жол инфрақұрылымының жай-күйі мен Снегирёво ауылындағы бөгеттің жағдайын тексердік. Жауапты қызметтерге бөгеттің жағдайына күнделікті мониторинг жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Басты басымдықтарымыз — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол бойындағы аумақтардың тазалығы мен тәртібін сақтау және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу.
Алтай ауданының әкімі Тураров Е.Т. профильдік бөлім басшыларымен бірге республикалық маңызы бар автожол бойын аралап, Тұрғұсын, Полянское, Октябрьск елді мекендерінде, сондай-ақ Селезнёвка және Бұқтырма станцияларында болды.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1315679?lang=kk