ХАБАРЛАНДЫРУ
Қамқоршылық кеңесінің құрамын сайлау және оның құрамына үміткерлерден ұсыныстар қабылдау туралы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты»КММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген үлгілік қағидаларға сәйкес Қамқоршылық кеңесінің құрамын қалыптастыру мақсатында үміткерлерден ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңесінің қызметі білім беру ұйымының дамуына жәрдемдесуге, білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, білім беру ұйымы қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге және қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға бағытталған.
Қамқоршылық кеңесінің құрамына ата-аналар, мемлекеттік органдардың және өкілді органдардың өкілдері, жұмыс берушілер, әлеуметтік әріптестер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдардың және өзге де мүдделі тараптардың өкілдері үміткер бола алады.
Үміткерлер ұсынатын құжаттар: 1. Еркін нысанда жазылған өтініш.
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. 3. Қазақ немесе орыс тіліндегі түйіндеме. 4. Білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса). 5. Соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Ұсынылатын құжаттар:
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау орны: Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты. Алтынсарин көшесі, 118
Электрондық пошта: ibrayshod@mail.ru
Байланыс телефоны: 87029161514
Жауапты тұлға: Абдигалиев Н.У.