тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша бақылау іс-шараларын жүргізілді
Астана қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша бақылау іс-шараларын жүргізді. Тексеру нәтижесінде тауар белгісіне құқық иеленушінің айрықша құқықтарының бұзылу белгілері анықталды. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес контрафактілік өнімдер құқықтық ықпал ету шараларын одан әрі қабылдау үшін белгіленген тәртіппен тәркіленді.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-astana/press/news/details/1315488?lang=kk