Заң мен тәртіп: «қыз – ұлттық тәрбиенің бастауы»

Заң мен тәртіп: «қыз – ұлттық тәрбиенің бастауы»

Бейнеу ауданына қарасты Сарға ауылындағы Жангелдин орта мектебінде 8–11-сынып оқушыларының қыз балаларымен «Қыз – ұлттық тәрбиенің бастауы» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Шараның мақсаты – қыз балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ізеттілік пен әдептілікті насихаттау, сондай-ақ құқықтық сауаттылығын арттыру.

Кездесуге Аналар кеңесінің төрағасы Набия Айлашова және Бейнеу аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жанар Оразбаева қатысты.

Кездесу барысында Набия Айлашова қыз баланың отбасындағы орны, әдептілік пен ар-ұят, ұлттық салт-дәстүрлердің маңызы туралы айтып, жасөспірімдерге тағылымды ақыл-кеңестерін берді.

Ал полиция капитаны Жанар Оразбаева кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік, сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ашық сұхбат форматында өткен кездесуде оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпарат алды.

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1315478?lang=kk