Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 38, 40, 76 мекемелерінің қызметкерлері мен пробация қызметкерлері арасында тимбилдинг ұйымдастырылды.

Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 38, 40, 76 мекемелерінің қызметкерлері мен пробация қызметкерлері арасында тимбилдинг ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлер арасындағы командалық рухты нығайту, өзара ынтымақтастықты арттыру, ұжымдық бірлікті қалыптастыру және жағымды психологиялық ахуалды дамыту. Сонымен қатар, іс-шара аясында кадр қызметі мен жедел бөлім қызметкерлерінің кәсіби мерекелері атап өтілді. Қатысушыларға арналған түрлі командалық ойындар мен қызықты жарыстар ұйымдастырылып, қызметкерлердің бірлігі мен ұйымшылдығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1315362?lang=kk