2026 жылғы 9 айдағы зейнетақымент және әлеуметтік қамсыздандыру саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қорытындылары туралы

2026 жылғы 9 айдағы зейнетақымент және әлеуметтік қамсыздандыру саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қорытындылары туралы

 

Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады. Департамент өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.

Департаменттің негізгі міндеттерінің бірі – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету. Осы міндетті орындау барысында:

іске асыру функциялары – зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру (республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау туралы шешімдер қабылдау), мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы жұмыстарды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;

бақылау функциялары – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өз өкілеттігі шегінде зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

2026 жылдың 9 айында Департамент зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау бойынша (15 қызмет түрі) 104 940 мемлекеттік қызмет көрсетті, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артық (2025 жылдың І жартыжылдығында – 97 103 қызмет).

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің негізгі үлесін төмендегілер құрайды:

1) Зейнетақы төлемдерін тағайындау – барлығы 27 440 тағайындау, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға артық (2025 ж. – 27 048), оның ішінде жасына байланысты зейнетақы төлемдері – 14 345 қызмет; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 13 095 қызмет.

2) Балалы отбасыларға жәрдемақылар тағайындау – барлығы 44 324 төлем, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  7,11%-ға көп (2025 ж. – 41 383 мемлекеттік қызмет). Оның ішінде:  бала тууына және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақылар – 20 450 төлем;  төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы – 18 537 төлем; мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақы – 4 709 төлем; «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға – 628 төлем тағайындалды.

Сонымен қатар, мүгедектікке және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақыларды тағайындау – барлығы 19 002 төлем, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен (16 704) салыстырғанда 13,7%-ға көп.

Сонымен қатар, инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының енгізілген сомасы мен төленуге тиісті сома арасындағы айырманы төлеуді тағайындау туралы 7308 шешім қабылданды (2025 ж – 5 666), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,9%-ға артық.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

2025 ж. 9 айда көрсетілген қызметтер

2026 ж. 9 айда көрсетілген қызметтер

2025 ж. 9 айда қайта қаралған

2026 ж. 9 айда қайта қаралған

2025 ж. 9 айдағы барлығы

2026 ж. 9 айдағы барлығы

%

(+:-)

1.Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау

7651

7854

6350

6491

14001

14345

2,46

2.Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау

8100

8642

4947

4453

13047

13095

0,36

3.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы

2858

3006

8320

9306

11178

12312

10,14

4. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы

614

665

4912

6025

5526

6690

21,06

5.Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау

748

776

1128

1191

1876

1967

4,85

6.РБ бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау

21332

20349

82

101

21414

20450

-4,5

7. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға, қорғанышына жәрдемақы тағайындау

1291

1466

2805

3243

4096

4709

14,97

8.Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау

2927

3185

0

0

2927

3185

8,81

9.Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ, МЗЖЖ) сомасының айырмасын төлеуді тағайындау (мемлекеттік кепілдік)

5666

7308

0

0

5666

7308

28,97

10 Алтын алқа, Күміс алқа алқаларымен наградталған аналарға жәрдемақы тағайындау

427

389

255

239

682

628

-7,92

11.Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау

2874

2532

12317

16005

15191

18537

22,03

12.Күтім жасаушы адамға жәрдемақы тағайындау

505

766

458

550

963

1316

-9,46

13. Арнаулы кәсіптік жәрдемақы тағайындау

148

134

0

0

148

134

-9,46

14. Семей полигонынын зардап шеккендерге арналған біржолғы төлем тағайындау

285

256

17

1

302

257

-14,90

15. Саяси қуғын‑сүргін құрбандары берілетін біржолғы төлем тағайындау

42

6

41

1

83

7

-91,57

 

55468

57334

41632

47606

97103

104940

8,07

 

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық жүйелерді жетілдіру және оларды мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыруда. Бұл қажетті мәліметтерді автоматты түрде алуға және азаматтардан қосымша құжаттарды талап ету қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.

Осы бағыттағы маңызды жетістіктердің бірі – мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта көрсету жүйесінің енгізілуі. Бұл формат азаматтың жекелеген жәрдемақы түрлерін алуға құқығы туындаған кезде министрліктің ақпараттық жүйесі әлеуетті алушыны автоматты түрде анықтап, оған SMS-хабарлама жіберетінін білдіреді. Азаматқа қызмет алуға келісімін растау жеткілікті, содан кейін төлем тағайындау процесі басталады.

Бүгінгі таңда цифрландырудың арқасында 11 мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетіледі. Бұл азаматтарға мемлекеттік органдарға бармай-ақ, SMS-хабарлама арқылы келісімін растау жолымен жәрдемақылардың жекелеген түрлерін қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бала тууға байланысты жәрдемақы, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы және көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы сияқты төлемдерге өтінішті екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.

2026 жылдың басынан бері проактивті форматта 39 984 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 8 047 төлем адам қатысуынсыз автоматты түрде тағайындалды.

Жалпы, әлеуметтік саланы цифрландыру мемлекеттік қызметтердің сапасын, қолжетімділігін және жеделдігін арттыруға ықпал етеді. Біздің басты міндетіміз - азаматтардың өздеріне тиесілі әлеуметтік қолдау шараларын уақтылы әрі ыңғайлы түрде алуын қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар, Департамент зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етуге бағытталған бақылау функцияларын да жүзеге асырады. Осы жұмыс аясында төлемдер тағайындалғаннан кейін де құжаттарға тексеру жүргізіледі.

2026 жылдың басынан бері ұсынылған құжаттардың дұрыстығына қатысты 1 048 зейнетақы ісі тексерілді. Оның ішінде 361 іс еңбек өтілінің сәйкестігін растау мақсатында, ал 418 іс зейнеткерлік жасқа толар алдында өткен кезеңдер үшін міндетті зейнетақы жарналарын аудару арқылы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің ұлғаю фактісіне тексерілді.

Тексеру барысында Департамент еңбек өтілі мен азаматтардың табысы туралы мәліметтерді растау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, оның ішінде мемлекеттік архивтерге және мемлекеттік кірістер органдарына сұрау салулар жолдайды. Қажет болған жағдайда шет мемлекеттердің архивтік мекемелеріне де сұрау салулар жіберіледі.

Ұсынылған құжаттардың дұрыстығы расталмаған жағдайда, тиісті зейнетақы істерінің материалдары одан әрі қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.

Бұл жұмыс зейнетақы төлемдерін тағайындаудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етуге, негізсіз төлемдердің алдын алуға бағытталған.

Осыған байланысты елорда тұрғындары мен азаматтарынан зейнетақы төлемдерін рәсімдеуге қажетті құжаттарды дайындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды және заңға қайшы әрекеттерге жол бермеуді сұраймыз.

Зейнетақы төлемдерін тағайындауға қатысты барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментіне жүгінуге болады. Өтініштерді «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жолдауға немесе 98-52-77, 98-74-57, 98-53-27 телефондары арқылы хабарласуға болады.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1315358?lang=kk