№38 мекемесінде «Ел ертені» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Рухани келісім күніне орай сотталғандарға арналған концерт ұйымдастырылып, өткізілді.

Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №38 мекемесінде «Ел ертені» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Рухани келісім күніне орай сотталғандарға арналған концерт ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өзара құрмет, толеранттылық пен мейірімділік қағидаттарын нығайту, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ сотталғандардың қоғамның мәдени және рухани дәстүрлеріне деген құрметін қалыптастыру.
Мұндай іс-шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесі мен әлеуметтік бейімделуіне, сондай-ақ мекемедегі жағымды моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға ықпал етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1315335?lang=kk