Мәслихат сайлауына қатысты

Мәслихат сайлауына қатысты

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері және  облыстық сайлау комиссиясының өкілдері Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясымен ұйымдастырған, мәслихат сайлауына байланысты Zoom онлайн-семинарға қатысты.Сайлау науқанына дайындық аясында салық заңнамасының талаптарына ерекше назар аударылады. Салық есептілігін уақтылы және дұрыс тапсыру кандидаттарды тіркеудің негізгі шарты болып табылады.

Декларациялауға қойылатын негізгі талаптар:

Кім тапсырады: Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250-нысан) депутаттыққа кандидаттың өзі де, оның жұбайы (зайыбы) да тапсыруға міндетті.

Есепті күн: Қаржылық мәліметтер мен активтер туралы деректер ұсыну басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша — 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша көрсетіледі.


Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1315309?lang=kk