"Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) "жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 301/НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің №4 үлгілік базалық бағытының жобаларын іске асыруды үйлестіру мақсатында 2026 жылдың 23 қазан айында, сағат 11: 00 Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізетінін хабарлайды.
Жария талқылауға қатысқысы келетіндер +7(7102)60 32 64 телефоны арқылы хабарласа алады.
Өтетін орны: Жезқазған қаласы, Желтоқсан, 25, 2-қабат, 43-кабинет.
Хабарландыру! "Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-agro/press/news/details/1315279?lang=kk