Аэропорт пен Береке шағын аудандары арасындағы жолдың көлік қозғалысындағы маңызы

Аэропорт пен Береке шағын аудандары арасындағы жолдың көлік қозғалысындағы маңызы

2023 жылы Аэропорт пен Береке шағын аудандарының арасында салынған жол тұрғындардың тікелей қатынауын қамтамасыз етіп, қаланың негізгі жолдарындағы көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді.

Теміржол өткеліндегі көлік қозғалысына қатысты жағдай бұған дейін де бірнеше рет түсіндірілген болатын. Алайда тұрғындар тарапынан бұл мәселе жиі көтерілетіндіктен, өткен аптада мамандарға «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мен қалалық полиция басқармасының қатысуымен көлік ағынына қосымша зерттеу жүргізу тапсырылды. Бақылау жұмыстары бір апта бойы тәуліктің әртүрлі уақытында жүргізілді.

Аппараттық кеңесте зерттеу нәтижелері жарияланды. Мәліметтерге сәйкес, аталған жолмен тәулігіне 10 мыңнан астам автокөлік өтеді. Бақылау кезеңінде теміржол өткелінің 21 рет жабылғаны тіркелді. Бұл ретте қозғалысқа тыйым салатын сигналдың ұзақтығы 2 минуттан 14 минутқа дейін созылады.

Аталған жол тәулігіне шамамен 35 мың автокөлік жүретін Назарбаев даңғылындағы көлік жүктемесін азайтуда маңызды рөл атқарады.

Қазіргі қозғалыс сызбасы уақытша шешім болып табылады. Көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етудің тиімді жолдарының бірі — теміржол өткелі арқылы эстакада салу. Бұл мәселе қаланың бас жоспарына түзетулер енгізу аясында пысықталуда.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1315276?lang=kk