Астаналық спортшы Азия пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Астаналық спортшы Азия пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында ел намысын қорғаған елордалық паражүзуші Әли Тұрғанбеков 100 метрге брасс әдісімен жүзуден күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Финалдық сайыста Әли Тұрғанбек 1 минут 44,26 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды. Осылайша, ол Қазақстан құрамасының жүлде қорын тағы бір күміс медальмен толықтырды.

Жарыста Малайзия өкілі Мұхаммад Нұр Шафик бин Зулкафли 1 минут 41,44 секунд нәтижемен жеңіске жетіп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты. Ал 1 минут 57,25 секунд көрсеткішпен мәреге жеткен Үндістан спортшысы қола жүлдені иеленді.

Осылайша, Әли Тұрғанбеков V Азия Пара ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы паражүзуден 4×50 метрге кешенді жүзу бойынша аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алған болатын. Ұлттық құрама сапында елордалық спортшылар Әли Тұрғанбеков пен Сиязбек Далиев, сондай-ақ Наталья Звягинцева мен Зүлфия Ғабидуллина өнер көрсетті.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1315274?lang=kk