"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында әкімдік қызметкерлері Абай көшесіндегі аумақты абаттандыру және тазалау жұмыстарын жүргізді.
Іс-шаралар барысында су өткізгіш құбырлар тазартылды, қоқыс жиналды және шөп шабылды. Жұмыстар бітелудің алдын алуға, судың кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге және ықтимал су тасқынының алдын алуға бағытталған.
"Таза Қазақстан" - тазалық бізден басталады!
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kostryakov/press/news/details/1315259?lang=kk