Шымкент теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізілді

Шымкент теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізілді

2026 жылғы 19 қазанда Шымкент станциясының теміржол вокзалында аса қауіпті және карантиндік инфекцияға күдікті жағдай анықталған кездегі іс-қимылдарды пысықтауға арналған оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараны Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұйымдастырды. Оқу-жаттығуға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары, обаға қарсы күрес қызметі, жұқпалы аурулар ауруханасы, жедел медициналық жәрдем қызметі, көліктегі полиция, «Қала маңы тасымалы» АҚ және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында күдікті жағдай анықталған кезде атқарылатын іс-қимыл алгоритмі пысықталып, қызметтердің өзара іс-қимылы мен үйлесімді әрекет ету дайындығы бағаланды. Оқу-жаттығуды өткізуге «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының мамандары қолдау көрсетті. Мұндай оқу-жаттығулар төтенше эпидемиологиялық жағдайларға дайындықты арттыруға және жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға бағытталған.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1315223?lang=kk