ҚАЗАҚСТАНДА «REPUBLIC DAY» ЖӘНЕ «BEREKE FEST» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯЛАРЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «REPUBLIC DAY» ЖӘНЕ «BEREKE FEST» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯЛАРЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық сауда акциялары басталды. Науқан 17-27 қазан аралығында өтеді.

Акциялар аясында тұрғындарға азық-түлік және басқа да тауарларды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беріледі. Мерекелік ұсыныстардың негізгі кезеңі 21-27 қазан аралығына жоспарланған.

Республикалық науқанды ҚР Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастыруда.

Акциялардың мақсаты – халыққа қажет тауарлардың қолжетімділігін арттыру, тұтынушылық сұранысты қолдау және ішкі сауданың дамуына серпін беру. Сонымен қатар, отандық өндірушілердің өнімдерін кеңінен танытуға басымдық беріледі.

Шымкент қаласында «Republic Day» акциясына – 16 сауда нысаны, ал «Bereke Fest» акциясына 4 сауда желісі қатысады.

«REPUBLIC DAY» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСАТЫН САУДА НЫСАНДАРЫ:

  1. «Mega Planet» – Тәуке хан даңғылы, 13.
  2. «Hyper House» – Мұхаммед Дулати көшесі, 200А.
  3. «Shymkent Plaza» – Әл-Фараби алаңы, 3/1.
  4. «Наурыз парк» – Бәйдібек би даңғылы, 25.
  5. «Фиркан Сити» – Тәуке хан даңғылы, 330.
  6. «Diamond Plaza» – Н.Назарбаев даңғылы, 177Б.
  7. «Shymkent City Mall» – Бәйдібек би даңғылы, 362/7.
  8. «Royal Plaza» – Д.Қонаев даңғылы, 122.
  9. «Нұрсәт Сити» – Нұрсәт шағынауданы, 121А.
  10. «DUR PLAZA» – Бәйдібек би даңғылы, 70.
  11. «Dala Mall» – Алматы тасжолы, 13А.
  12. «Береке» – Тәуке хан даңғылы, 18.
  13. «Эврика» гипермаркеті – Тәуке хан даңғылы, 334.
  14. «Аль-Фараби» – Темірлан тасжолы, 19.
  15. «Арман Сити» – Байтұрсынов көшесі, 20В.
  16. «Технодом» – Тәуке хан даңғылы, 13.

«BEREKE FEST» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСАТЫН САУДА ЖЕЛІЛЕРІ;

«GraMad» сауда желісі:

  • Жібек жолы көшесі, 58;
  • Б.Момышұлы көшесі, 6;
  • Ғ.Иляев көшесі, 10;
  • Қ.Төлеметов көшесі, 69/42;
  • А.Асқаров көшесі, 34.

«Баян Сұлу» сауда желісі:

  • Темірлан тасжолы, 9.

«F-mart» сауда желісі:

  • Ж.Адырбеков көшесі, 39;
  • Тәуке хан даңғылы, 330.

«Turan» сауда желісі:

  • Ғ.Иляев көшесі, 86;
  • Ж.Алдияров көшесі, 38/3.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent;shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1315215?lang=kk