Адам папилломавирусы (ВПЧ) – кең таралған вирустар тобы. Вирустың кейбір түрлері жатыр мойны обырының және басқа да онкологиялық аурулардың дамуына себеп болуы мүмкін.
АПВ инфекциясының алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі – вакцинация. Вакцина ағзаны вирустың қауіпті түрлерінен қорғауға көмектеседі.
АПВ алдын алу жолдары:
* Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес вакцинациядан өту;
* Жеке бас гигиенасын сақтау;
* Дәрігердің профилактикалық тексерулерінен уақытылы өту;
* Жасөспірімдердің вакцинациясы туралы сенімді ақпарат алу және дәрігердің ұсынымдарын орындау.
АПВ-ға қарсы вакцинация болашақта жатыр мойны обырының даму қаупін төмендетуге бағытталған маңызды профилактикалық шара болып табылады.
📌 Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті азаматтарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын сақтауға шақырады.
Есіңізде болсын: аурудың алдын алу – денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы!
АПВ алдын алу
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-abay/press/news/details/1315206?lang=kk