Зейнеткер, әділет полковнигі Ернат Ақылжанов 60 жасқа толды

Зейнеткер, әділет полковнигі  Ернат Ақылжанов 60 жасқа толды

Бүгін Алматы қаласы бойынша және Алматы облысы мен Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменттерінің жеке құрамы әділет полковнигі Ернат Ақылжановты 60 жасқа толған мерейжасымен салтанатты түрде құттықтады.

 

Ернат Кенжеханұлы өмірінің 23 жылын Тәуелсіз Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасуына және оның дамуына арнаған азамат.

Е.Ақылжанов Алматы қаласы және Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде бастықтың орынбасары болса, Ақтөбе облысы және Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерін басқарды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармаларында басшы болды.

Ернат Ақылжановты аталған департаменттердің басшылары әділет полковнигі Ерлан Ұзақов пен әділет полковнигі Рысбек Тұрғымбаев, Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Тұяқбаев мерейжасымен құттықтап, сөз сөйледі.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1315182?lang=kk