1,1 мыңнан астам тұрғын алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды

1,1 мыңнан астам тұрғын алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Су шаруашылығы комитеті Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы үш ауылды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ететін топтық су құбырын салу жобасын аяқтады.

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Булан Тұрлыбеков пен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай нысанды іске қосу рәсіміне қатысты.

Бұған дейін орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған Красная Поляна, Петриковка және Арбузинка ауылдарының тұрғындары үшін бұл — көптен күткен қуанышты оқиға. Енді олардың үйлеріне орталықтандырылған жүйе арқылы ауызсу жеткізіледі.

Жоба аясында 22,1 шақырым су құбыры тартылып, екі су жинау ұңғымасы бұрғыланды. Сондай-ақ су жинау алаңы және сорғы станциялары бар екі су құбыры нысанының алаңы салынды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/komwater/press/news/details/1315123?lang=kk