2026 жылғы 19 қазанда Ұлытау облысының Әділет департаменті халықтың конституциялық-құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру мақсатында Жезқазған қаласы әкімдігінің «Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтендіру орталығы» КММ-де медиатордың қатысуымен «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, сот актілеріне апелляциялық тәртіппен шағымдану тәртібі, сондай-ақ сот билігінің тәуелсіздігі қағидаттары түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қолданыстағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша құқықтық түсіндірмелер мен консультациялар алды.
2026 жылғы 19 қазанда Ұлытау облысының Әділет департаменті халықтың конституциялық-құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру мақсатында Жезқазған қаласы әкімдігінің «Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтендіру орталығы» КММ-де медиатордың қатысуымен «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1315089?lang=kk