"Жүз жыл жырлаған жүрек"

"Жүз жыл жырлаған жүрек"

2026 жылдың 26 тамыз күні Алмалы ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты поэзия кеші өткізілді.
Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы насихатталып, жалынды жырлары оқылды. Қатысушылар Жамбыл Жабаевтың қазақ әдебиетіндегі орны туралы ой бөлісіп, тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты. Кеш соңында жыр сүйер қауым ақын мұрасының мәңгілік құндылығы туралы пікір алмасты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1281399?lang=kk