2026 жылғы 12 қазанда Павлодар қаласында орналасқан 5512 әскери бөлімінде өткен ашық есік күніне Железин ауданының 9–11 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, әскери қызметтің ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар қару-жарақ үлгілері мен әскери техникаларды көріп, олардың қолданылу ерекшеліктерімен танысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру, әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту және Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеуге ықпал етеді.
Болашақ Отан қорғаушылар: Железин ауданы оқушылары әскери бөлімде
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1314907?lang=kk