«Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС қызметкерлері арасында семинар өткізілді

«Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС қызметкерлері арасында семинар өткізілді

2026 жылғы 16 қазанда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ауыз сумен жабдықтау саласындағы қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинар барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы және 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрықтарының негізгі талаптары түсіндірілді. Іс-шара барысында ауыз сумен жабдықтау жүйелерінде дезинфекция жұмыстарын жүргізу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ залалсыздандыруға арналған ерітінділерді дұрыс таңдау және қолдану мәселелері қарастырылды. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар беріліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1314808?lang=kk