ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 3 287,6 млрд. теңге.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 108,0%.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 378,7 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 106,8%.
соның ішінде: мал шаруашылығы – 161,8 млрд. теңге (НКИ – 101,0%), өсімдік шаруашылығы – 214,6 млрд. теңге (НКИ – 111,0%),
74,4 мың тонна (102,4%) – өндірілген ет (тірі салмақта), 196,4 мың тонна (97,6%) – сүт, 155,1 млн. дана (104,6%) - жұмыртқа өндірілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 430,5 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 118,8%.
Барлық көздер есебінен 265,5 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.
Өсу қарқыны 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 103,3%.
Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 961,4 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 113,8%.
Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 60,5 млрд. теңге (6,3%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 770,4 млрд. теңге (80,1%), банк кредиттері – 25,5 млрд. теңге (2,6%), басқа қарыз қаражаты – 105,0 млрд. теңге (10,9%).
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында қолданыстағы субъектілер саны 54,3 мың бірлікті немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 94,8%-ды құрады.
2026 жылғы 1 сәуірге ШОК өнімін, тауарларын мен қызметтерін шығару 413,1 млрд. теңгені (85,7%), жұмыспен қамтылғандар саны – 126,5 мың адам. (91,5%) құрады.
Сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтар-тамыз ішінде (ЕАЭО-ны қоса алғанда 3 858, млн. АҚШ долларын немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 110,6% құрады.
Соның ішінде тауарлар экспорты – 2 949,1 млн. АҚШ доллары (ұлғаюы -19,9%), импорт – 909,3 млн. АҚШ доллары (төмендеуі 5,8%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң – 2 039,8 млн. АҚШ доллары.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі 54,8 млн. тоннаны (97,5%), жүк тасымалы айналымы – 21,7 млрд. тонна шақырымды (88,0%), жолаушы айналымы 3,2%-ға азайды.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 15 053,7 млн. теңгені құрады (2025 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде 96,5%).
2026 жылғы шілдеде тұтыну бағасының индексі 2025 жылғы желтоқсанға қарағанда 105,0%, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 103,7%, азық-түлік емес тауарларға – 106,4%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 105,3%.
2025 жылғы қаңтар-шілде ішінде мемлекеттік бюджетке 784,9 млрд. теңге салық және басқа міндетті төлемдер немесе кезең жоспарға қарағанда 63,7% түсті, соның ішінде республикалық бюджетке 412,7 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 67,0%), жергілікті бюджетке 372,2 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 60,3) түсті.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2026 жылғы 2-тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі – 4,8%.
2026 жылғы қаңтар-маусым ішінде орташа айлық номиналды жалақы 449,5 теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңінен 10,8%-ға жоғары.
Әлеуметтік салаға 358,1 млрд.теңге бөлінді (облыс бюджетінің 50,2%), соның ішінде білім беруге – 240,7 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 19,4 млрд.теңге.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 85,0%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін - 100%-ды құрайды.