📢 Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде (бұдан әрі – Комитет) 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.

Талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Комитеттің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Комитеттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері бойынша ұсыныстар мен ескертулерді Комитеттің әдеп жөніндегі уәкілі Қасымов Б.Т.-ға жолдауға болады.

 

📞 Байланыс телефоны: 74-91-93.



Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1314725?lang=kk