2026 жылғы 2 тоқсанда Қарабалық аудандық мәслихат депутаттарының өткізген қабылдаулары бойынша ТАЛДАУ
2026 жылдың 2 тоқсанында Қарабалық аудандық мәслихатының депутаттары 11 азаматтардың қабылдауын өткізді. Барлығы 18 азамат қабылданды.
Қабылдау барысында 24 мәселе көтерілді, оның ішінде: 14-не қабылдау барысында түсініктемелер берілді, 1-і оң шешілді.
9 өтініш бойынша тиісті құзыретті органдарға депутаттық сауалдар жолданды, оның ішінде 1-не жауаптар алынды, олардың нәтижелері бойынша өтініш білдірген азаматтар хабардар етілді және 8-і орындалуда.
Өтініштердің басым бөлігі ауылдарды абаттандыруға, ауылдық жолдар мен аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге, ұялы байланыс пен интернетке қатысты.