Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекетінің Байланыс және ақпараттық технологиялар министрімен кездесті

Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекетінің Байланыс және ақпараттық технологиялар министрімен кездесті

Доха, 25 тамыз 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекетінің Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Мұхаммед бен Әли Әл-Маннаимен кездесу өткізді.

Министр Қазақстан Елшісіне дипломатиялық қызметінде сәттілік тілеп, екі ел арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және цифрлық саладағы серіктестікті дамытуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар цифрландыру және телекоммуникация салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму келешегін, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуді талқылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1314705?lang=kk