Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекетінің Әлеуметтік даму және отбасы министрімен кездесті

Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекетінің Әлеуметтік даму және отбасы министрімен кездесті

Доха, 25 тамыз 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекетінің Әлеуметтік даму және отбасы министрі Бусейна бинт Әли Әл-Нуаймимен кездесу өткізді.

Министр Қазақстан Елшісіне дипломатиялық қызметінде сәттілік тілеп, екі ел арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қатар қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму келешегін, сондай-ақ әлеуметтік даму, отбасылық құндылықтарды нығайту және ана мен баланы қолдау салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1314702?lang=kk