Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Азия істері департаментінің директорымен кездесті

Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Азия істері департаментінің директорымен кездесті

Доха, 18 тамыз 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатар Сыртқы істер министрлігі Азия істері департаментінің директоры Әл-Жауһара Юсеф Фахру ханыммен кездесу өткізді.

Департамент директоры Қазақстан Елшісіне дипломатиялық қызметінде сәттілік тілеп, екі ел арасындағы жан-жақты серіктестікті дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қатар екіжақты қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму келешегін, сондай-ақ жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1314692?lang=kk