20–23 қазан аралығында Қызылорда облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың құқықтық тәртібін нығайту.
Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге және заң талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған жұмыстарды жүргізуде.
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі!