Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатардың Уақыптар және ислам істері министрімен кездесті

Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатардың Уақыптар және ислам істері министрімен кездесті

Доха, 12 тамыз 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатардың Уақыптар және ислам істері министрі Ғанем бен Шахин Әл-Ғанеммен кездесу өткізді.

Министр Қазақстан Елшісіне дипломатиялық қызметінде сәттілік тілеп, екі ел арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар ислам істері, уақып қорын басқару, рухани-мәдени саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ конфессияаралық диалогты дамыту және бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1314682?lang=kk