Облыс әкімдігінде 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, халықты жұмыспен қамту және Республика күніне дайындық мәселелері талқыланды.

Облыс әкімдігінде 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, халықты жұмыспен қамту және Республика күніне дайындық мәселелері талқыланды.

Өңір экономикасында оң динамика сақталып отыр. Өнеркәсіп өндірісі 8%-ға өсіп, инвестиция көлемі 961,3 млрд теңгеге жетті. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,3%-ды құрап, республикалық көрсеткіштен 4,5%-ға асып түсті. Өңдеу өнеркәсібі 11,5%-ға, ауыл шаруашылығы 6,8%-ға, құрылыс саласы 18,8%-ға өсті. 265,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
⠀
Облыстық бюджет кірістері 372,3 млрд теңгені құрап, бюджеттің атқарылу деңгейі 99,8%-ға жетті - республика бойынша 3 орын. Асайын Байханов әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
⠀
Жылдың 9 айында 16 382 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл жоспардың 91,4%-ын құрайды. Әр 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру бастамасы аясында 5 722 жұмыс орны ашылып, жоспар 129,2%-ға орындалды.
⠀
Республика күніне орай облыста 2 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарлануда. Негізгі іс-шаралардың бірі - 25 қазанда өтетін Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uiir/press/news/details/1314652?lang=kk