БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ VIII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
Қаралым: 7
Ұласбек Сәдібеков VIII шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен жергілікті мәселелерді шешу бағытында атқарған жұмыстарына алғыс білдірді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы №521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығына сәйкес мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Осыған байланысты алдағы кезеңде мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу жұмыстары жүргізіледі
Кездесу барысында аудан басшысы мәслихат депутаттарының тұрғындардың мүддесін қорғау, елді мекендердің өзекті мәселелерін көтеру және ауданның дамуына бағытталған бастамаларды қолдау жолындағы қызметтеріне тоқталды.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысқан депутаттарға ризашылығын білдірген Ұласбек Сәдібеков олардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігін атап өтті.
Кездесу соңында VIII шақырылымдағы Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаттарына атқарған еңбектері мен ауданның дамуына қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табысталды.