Осакаров ауданында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Осакаров ауданында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Кәсіби мерекеге орай адал қызметі, жоғары кәсібилігі және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Дмитрий Омельяненко, Нұрзат Сабитов және Вячеслав Шемерлюк «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.
Сондай-ақ қызмет ардагерлері мен қызметтік міндеттерін орындау барысында ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара барысында күн сайын жауапты әрі қауіпті қызмет атқарып, төтенше жағдайларда адамдарға көмек көрсетіп, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген құтқарушыларға алғыс пен ризашылық білдірілді.
Мерекелік іс-шара құтқарушылардың құрметіне ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka/press/news/details/1314441?lang=kk