ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АСАРЛАТУ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНА 50 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ АТСАЛЫСТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АСАРЛАТУ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНА 50 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ АТСАЛЫСТЫ

Бүгін Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Асарлату» экологиялық іс-шарасы өтті. Бастама елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шара барысында арық-атыздар мен суару каналдары қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, көгалдандыру және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық іс-шараға облыс бойынша 50 мыңнан астам адам қатысып, тазалық жұмыстарына 249 бірлік техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 384,5 тонна қоқыс шығарылып, 448,9 гектар аумақ тазартылды. Сондай-ақ 215,7 шақырым арық тазаланып, 1 150 тал көшеті егілді және 6 206 ағаш әктелді.

«Асарлату» іс-шарасы халықты ортақ іске жұмылдырып, ұлттық құндылықтардың бірі – асар дәстүрін дәріптеуге де үлес қосты. Бірлескен еңбек арқылы тұрғындар елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне атсалысып, табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын көрсетті.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shauildir/press/news/details/1314408?lang=kk