Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауы туралы семинар

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауы туралы семинар

2026 жылғы 20 қазанда «Шығысқазжерқойнауы» өңіраралық геология департаментінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын, мемлекеттік қызметтегі қызмет әдебі мен мінез-құлық стандарттарын сақтау мәселелері бойынша қызметкерлермен семинар өткізілді.

Семинар барысында мемлекеттік басқарудың жоғарғы мәдениетін қалыптастыру, азаматтар мен әріптестерге сыпайылық, дұрыс, сыйластық қағидаттарын сақтау, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындауда іскерлік қарым-қатынас стилін ұстану мәселелеріне ерекше  назар аударылды.

Мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетіне және ресми-іскерлік дресс-кодты сақтауына қойлатын талаптар жеке қарастырылды. Мемлекеттік қызмет сипатына ұқыптылық, ұстамдылық және сыртқы келбет сәйкестігінің маңыздылығы атап өтілді, өйткені әрбір қызметкердің сыртқы келбеті мен мінез-құлқы мемлекеттік органның кәсіби имиджінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға қызметтік тәртіпті, парасаттылық, жауапкершілік қағидаттарын сақтау және азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу қажеттігі туралы еске салынды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-ekn/press/news/details/1314387?lang=kk