Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Темірлан Тұрдақын финалда ирандық Ясин Әли Яздимен белдесті.

Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Темірлан Тұрдақын финалда ирандық Ясин Әли Яздимен белдесті.

Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Темірлан Тұрдақын финалда ирандық Ясин Әли Яздимен белдесті. Тартысты бәсекеде қарсылас 0-4 есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ бүгін Арсен Жұма (-55 кг) 3-орын үшін өткен белдесуде қырғыз Барсбек Асанқожоевты жеңіп, қола жүлдегер атанды. Тағы бір палуанымыз Джохар Узаров Армения өкілінен басым түсіп, аса ауыр салмақтың қола медалін мойнына тақты.

​Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан командасы әлем чемпионатында 5 жүлдемен жалпыкомандалық есепте 2-орынға тұрақтады. Осыған дейін Айбек Айтбеков (-60 кг) пен Юсуф Ашрапов (-72 кг) чемпион атанған.

Алдағы күндері жарыс әйелдер күресімен жалғасады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-amankaragai/press/news/details/1314352?lang=kk