Қостанай қаласында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан XVII республикалық чемпионат өтті.

Қостанай қаласында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан XVII республикалық чемпионат өтті.

Қостанай қаласында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан XVII республикалық чемпионат өтті. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 100-ге жуық қызметкер қатысып, өздерінің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінен кейін қатысушылар арасындағы жекпе-жектер басталып, жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
🏆 Жалпыкомандалық есеп бойынша нәтижелер:
🥇 І орын – Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаменті;
🥈 ІІ орын – Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаменті;
🥉 ІІІ орын – Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті.
Чемпионаттың негізгі мақсаты – қызметкерлердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру, кәсіби шеберліктерін шыңдау, дене дайындығын жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1314312?lang=kk