Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай және алдын алу шаралары талқыланды

Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай және алдын алу шаралары талқыланды

2026 жылғы 16 қазанда Түркістан қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары Түркістан шекаралық бақылау бөлімшесінің қызметкерлеріне «Қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай. Алдын алу мәселелері» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара барысында мамандар қызылша бойынша қазіргі эпидемиологиялық жағдай, инфекцияның таралу жолдары және оның алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, жұқпалы аурулардың алдын алу және халықтың санитариялық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан практикалық ұсыныстар алды. Іс-шара жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша білім деңгейін арттыруға және кәсіби дағдыларды жетілдіруге бағытталды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1314254?lang=kk