Менингококк инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізілді

Менингококк инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізілді

2026 жылғы 15 қазанда Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметкерлеріне «Менингококк инфекциясының алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал, жұғу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары түсіндірілді. Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1314249?lang=kk